Президенттікке үміткер Нұржан Әлтаев ОСК-ға күмәнді құжаттар тапсырған

7 Қазан 2022, 21:38 997

Қазіргі уақытта осы факт бойынша құзыретті органдар тексеру жүргізуде

Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер – Нұржан Әлтаевтың ОСК-на құжаттары тапсырған. Алайда, үміткерді ұсыну туралы хаттама бұрмалану фактісіне шағым түсіп, тексеріліп жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.

"Ортлық сайлау комиссиясына 7 қазанда «Мұқалмас» РҚБ филиалдарының бірқатар басшыларынан «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне Н.Б. Әлтаевты ұсыну туралы хаттамасының бұрмаланғаны туралы өтініш келіп түскенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта осы факт бойынша құзыретті органдар тексеру жүргізуде", - делінген ҚР Орталық сайлау комиссиясы таратқан ақпараттық хабарламада.


Бөлісу: