Белсенді студенттер үздіктер сайысында топ жарды

30 Мамыр, 00:37 738

Yessenov University-дің жастары «ANTIPARACRAFT-2024» республикалық квестте жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына сәйкес адалдық, заңдылық және прагматизм елдің әрбір азаматының ішкі құндылығына айналуға тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тәсілдерін іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі жас ұрпақтың (жастардың) сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігін қалыптастыру болып табылатыны сөзсіз. Парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастары мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақты тәрбиелеу маңызды рөл атқарады.

Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетін нығайтуға білім берудің рөлін арттыру жөніндегі халықаралық тәжірибелер мен бастамаларды имплементациялау, сондай-ақ олардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту ықпал ететін болады. Осылайша, «AntiParaCraft» Бірінші республикалық квест-ойынын өткізуге Қазақстан Республикасы жастарының құндылықтарын өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру негіз болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы квест-ойын – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдық пен парасаттылық  қағидаттарын тәрбиелеуге және парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған сыбайлас жемқорлық профилактикасының жаңа әдісі. Квест мақсаты - жастардың бойында азаматтық ұстаным мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты иммунитетті қалыптастыру үшін қажетті құндылықтар мен қабілеттерді дамыту.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын тәрбиелеуге және парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған «AntiParaCraft-2024» квест-ойынын өткізуді ұсынған болатын. Еліміздің жоғары оқу орындарының арасында республикалық деңгейде 5 кезеңнен тұратын квест-ойынына Yessenov University-дің заң мамандықтарының 1-курс білім алушыларынан құралған «Фемида» командасы бақ сынап, онлайн форматта өткен алғашқы 3 кезеңде еліміздің  19 жоғары оқу орындары командаларының арасынан үздік бестікке шығып, Көкшетау қаласында өтетін финалға жолдама алған болатын.

Квест-ойынның финалы ағымдағы жылдың мамыр айында Көкшетау қаласында Уәлиханов университетінің базасында өтті. Аталған шараға Маңғыстау облысының намысын Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің жалынды жастарынан құралған «Фемида» командасы қорғап, байқаудың ақтың кезеңінде Yessenov University жастары өздерінің командасын таныстыруға арналған бейнероликпен және  жемқорлыққа қарсы жобаларын көпшілікке таныстырып топ жарды. Жастар ірі сыбайлас жемқорлық қылмыстары көбінде мемлекеттік сатып алу саласында болатынын айтып, бұл мәселені шешу мақсатында жаңа жоба ұсынды. Студенттердің тың бастамаларын Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  өкілдері жоғары бағалап, жүлделі 3-ші орынмен марапатталды.  

Перизат Саденова
Бөлісу: