03.05.2023
15:07
1275
Белградта оқушы 9 адамды атып өлтірді

Белградта оқушы 9 адамды атып өлтірді

Сербия астанасы Белградтағы мектепте болған атыстан кем дегенде тоғыз адам көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ал атысты 7 сынып оқушысы ұйымдастырған. Жасөспірім алдымен күзетшіні атып, сонан соң сегіз оқушыға оқ жаудырған.

Мұғалімдердің айтуынша, ол тәртіпті әрі үлгілі оқушы болған. Жергілікті БАҚ оқушы есірткі қабылдаған болуы мүмкін екендігін айтады.