Бельгиялық баланың анасы болуы мүмкін келіншектің ДНҚ нәтижесі шықты

28 Желтоқсан 2023, 10:56 3088

ДНҚ нәтижесі бойынша Жазира есімді әйел оның анасы емес екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Қымбат Досжан «Бармысың, бауырым?» бағдарламасында айтты.

Біз осы оқиғаны қолға алғалы көптеген мекемеге хат жолдадық. Олар: Арқалық қаласының перзентханасы, қалалық архив, «Дельфин» балалар үйі, Торғай әкімдігі, Арқалық қалалық жедел жәрдем станциясы. Келіншектің жеке құжатының көшірмесі еш жерде жоқ. Бұл зерттеу жұмыстары барысында біз бірнеше келіншекті таптық. Әңгімелескеніміз бойынша осы келіншекті зертханаға апару туралы шешім қабылдадық. Ол әрең келісті, - деді Қымбат Досжан.

Ол архивтегі құжаттар бойынша жүкті әйел 8:45-те босанғанын айтты. Арада 21 жылдан астам уақыт өтті. Бұл келіншек Арқалықтың адамы емес.  Арқалыққа басқа жақтан барған. Таңға таяу іші ауырып, жедел жәрдем шақыртқан.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: