Белгісіз ер адам төрт баланың қолын байлап, азаптаған видеосы тарады

16 Ақпан, 09:44 1883

Желіде белгісіз ер адамның төрт баланың қолын байлап, ұрып-соққан видеосы тарады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Алматы облысы Жамбыл ауданында тіркелген. Бейнежазбада балаларды пышақпен қорқытып жатқаны анық көрінеді. Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов кәмелетке толмағандарға шабуыл жасаған әрекет туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Күдікті анықталып, оған қатысты ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған дерек бойынша облыстың барлық аудандық бөлімшелері мен өңірлік полиция органдары бағдарланды. Басқа ақпарат қосымша беріледі, – деді ол.

Полиция басқармасының бастығы қылмыстық істі өз бақылауына алғанын айтты.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: