Белгілі қазақстандық виолончелист Болат Тыныбеков қайтыс болды. Бұл туралы оның туыстары әлеуметтік желілерде хабарлады. Музыкант 38 жаста еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Менің ағам, белгілі виолончелист Болат Тыныбеков қайтыс болды. Соңғы кездері бір-бірімізді сирек көрсек те, оның талантына тәнті болып, шамам келгенше қолдап жүрген едім, - деп жазды әлеуметтік желіде туысы Айжан Түгелбаева.
Суыт хабарды «Bolashaq» қауымдастығы да растады.
«Bolashaq» қауымдастығы Болат Тыныбековтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына ортақтасып көңіл айтады. Болат Тыныбеков — қазақстандық виолончелист және вокалист, Корольдік музыка колледжінің түлегі. Халықаралық конкурстардың лауреаты ретінде ол Қазақстан мен Еуропада белсенді концерттік қызмет жүргізіп, өз елін әлемдік сахнада танытқан, — делінген ақпаратта.
Болат Тынымбеков Қарағанды қаласында 1985 жылғы 24 шілдеде дүниеге келген. Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық орта мамандандырылған музыкалық мектебін бітірген.