Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі ауруханаға түсіп қалды

11 Қазан, 16:58 2098

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің денсаулығы сыр беріп, ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Заңгер Ләззат Ахатова композитордың жүрегі сыр бергенін мәлімдеді. 

Әнару Құрманәлінің ісі не болды, жабылып қалмады ма, жазбай қойды, деп жатыр екен. Жанқош Тұраровқа қатысты іс аяқталған жоқ. Тергеуде. Дәл қазір әріптестермен бірге шағым жазып жатырмыз. Сараптама қорытындысы шықты. Қыздың әкесі Қалдыбек аға жүрек талмасы ұстап, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргем, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымкетте емханадамын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек,  – деді қорғаушы.

Айта кетейік, боксшы Жанқош Тұраровтан зорлады деп шағым түсірген Әнару Құрманәлі сазгер Қалдыбек Құрманәлінің азаматтық некедегі қызы екені мәлім болған еді. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: