Белгілі композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

24 Қаңтар 2023, 12:21 5835

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші Арман Дүйсенов өмірден өтті. Бұл туралы сазгердің әріптес-достары желіде жазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Арман Дүйсенов 1974 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында туған. Саналы ғұмырында сазгерліктің биігіне шықты. Халқына тың туындылар сыйлады. Композиторлықпен қатар тележүргізуші, продюсер болды.

EL.KZ
Бөлісу: