Белгілі басылымның редакциясын сындырған бұзақылар ұсталды

25 Қараша 2022, 04:34 862

Заңсыз әрекет жасады деген екі адам қолға түскен

«El Media» редакциясына кіретін терезелерді cындырған бұзақылар ұсталды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласының Полиция департаменті  аталған заңсыз әрекетті жасады деген күдікпен екі адамның ұсталғанын айтқан. Олар: Алматы қаласының тұрғыны З.есімді азамат және тараздық Г.есімді азамат. Екеуі де 18 жаста.

Күдіктілердің әрекеттері ҚР ӘҚбК-нің 434-бабы – ұсақ бұзақылық бойынша сараланған.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады.

Ұсталғандар жасаған әрекеттерін мойындады.
Істің басқа да мән-жайлары анықталуда.

EL.KZ
Бөлісу: