Мәһрге 2 мың дана кітап сұраған танымал актриса Құралай Анарбекова көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Актрисаның айтуынша, ол болашақта өзінің үлкен кітапханасын жасағысы келеді екен.
Оқи отырыңыз:
Көбі көлік, үй сұрап жатады. Менің арманым - үлкен кітапхана жасау. Шамамен кітапхананың қандай болатынын білемін. Маған 2 мың кітап берсе екен деймін. Ол кітаптар әншейін емес, бір сирек кітаптар болса. Басты мақсат - оны бір күнде беру емес, жылдар бойы бірге жинап, мәһрдегі 2 мың кітапты болашақта балаларымызға, немерелерімізге мұра етіп беру. Психология, тарихи, әлеуметтану бағыттары бойынша ең жақсы кітаптар сыйласа екен деп армандаймын, - деді Құралай Анарбекова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Құралай Анарбекова қалың көпшілікке «Жаужүрек мың бала», «Брат или брак» фильмі арқылы танылып, бүгінде көрерменнің көзайымына айналған өнер иелерінің бірі.