Беларуське оқу-жаттығуға кеткен қазақстандық әскерилер елге оралды ма? Вице-министр жауап берді

14 Қыркүйек 2023, 11:12 717

Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Беларуське оқу-жаттығуға кеткен қазақстандық әскерилердің елге оралғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенат кулуарында журналистер ведомство өкілінен «Осы айдың басында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Беларуське барып оқу-жаттығу өткізді. Ол жерге Қазақстанның әскері де барғаны айтылды. Нақты ол жерде не болды?» деп сұрады.

Оқу-жаттығу Беларусьтің Брест қаласында өтті. Біздің әскерімізден 11 адам, яғни опертоп қатысты. Ол антитеррористік бағытқа негізделген. Қазіргі уақытта ол топ елге қайта оралды, қазір Орал қаласында. Олар Беларусьте бір апта ғана болды, - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Миражан Махан
Бөлісу: