Боксшы Бекзат Нұрдәулетов Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты. Бұл оның сары құрлық бәсекесіндегі алғашқы жүлдесі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
86 кг дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Жасурбек Юлдошевті жеңді.
Осылайша ерлер құрамасында алтын медаль саны екеуге жетті (тағы 4 күміс, 1 қола). Алда тағы 2 отандасымыз финалда күш сынасады.
Бұған дейін Махмұд Сабырхан 54 кг дейінгі салмақта Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. Ол финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровты айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер есебі: 4-1. Қалған боксшыларымыз күмісті қанағат тұтты.