Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов өзінің инстаграм парақшасында кезекті жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымда Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегіне дейін оқу-жаттығу процесін аяқтап, Польшаның Люблин қаласына аттанатынын атап өтті.
«Ер азығы жолда. Кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жек алдындағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, Польшаның Люблин қаласына сапарға шықтық. 1 қазан күні сіздердің қолдауларыңызбен елімізді қуантып, көк байрағымызды желбіретуге бар күш-жігерімді салатын боламын. Алға, Қазақ елі!», - деп жазды Нұрдәулетов.