06.11.2024
11:57
850
Бектенов инклюзивті орта құруға баса назар аударуды тапсырды

Бектенов инклюзивті орта құруға баса назар аударуды тапсырды

Ақтөбе облысының әкімдігі мүгедектігі бар жандарға арналған оңалту орталығы құрылысын аяқтау үшін жұмыс қарқынын күшейтуі қажет. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бектенов бұдан бөлек те бірқатар тапсырма берді:

Былтыр Абай, Жамбыл және Түркістан облыстарында оңалту орталықтары ашылды. Мұндай орталықтарды Ақмола, Атырау, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында салу жоспарланып отыр. Олардың барлығы мерзімінде аяқталуы тиіс;

Денсаулық сақтау және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері медициналық-әлеуметтік сараптама сапасын одан әрі арттыру мақсатында ақпараттық жүйелерді толық интеграциялауы қажет;

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі - мердігерлік ұйымдар жауапкершілігі мен құрылыс сапасын арттыру, инклюзивті орта құру жөніндегі нормалардың сақталуын бақылауды күшейту үшін қолданыстағы стандарттарды қайта қарауы тиіс;

Денсаулық сақтау министрлігі мүгедектіктің алдын алу, сырқатты ерте диагностикалау және ерте ем көрсету жұмыстарын сапалы тұрғыда жақсартсын;

Оқу-ағарту және Ғылым және жоғары білім министрліктері мүгедектігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогтер даярлауды түбегейлі жақсарту қажет;

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленетін инклюзивті саясат жөніндегі тұжырымдама жобасын Үкіметке 15 қарашаға дейін енгізсін.