«Байқұс әйелді жаны шыққанша ұрып-соғу – айуандық»: Түсіпбаева заңды қатаңдатуды талап етті

10 Қараша 2023, 12:00 2712

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әйел құқығына қатысты пікір білдіріп, зорлық-зомбылық жасайтындарға заң қатаң болуы керек дегенді алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы кезде қазақтың еркексымақтарының қазақ әйелдерін ұрып-соғып, зорлау, өлтіру фактілері көбеюде, одан кейін қоғам біздің қыздарды басқа ұлтқа шықтың деп даттайды… Масқара, сонда маңайындағылар арашаламай қарап тұрған ба? Неткен жауыздық! Араша түсетін бір адам болмағаны ма? Байқұс әйелді жаны шыққанша ұрып-соғу – айуандық! Марқұмның аяғы ауыр болған деген мәлімет те бар...

Оқи отырыңыз:

Өнер иесі әйелін өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісінен соң осылай жазып, ерлі-зайыптының суретін салғанымен, екеуінің беттерін жауып қойған.

Беттерін неге жаптым?! «Презумпция невиновности» деген термин бар… Мұндай адамдар ертең тайқып шықса (маған өзі атылды, өзімді қорғап, жай итеріп қалып едім, шалқасынан түсіп өліп қалды деуі мүмкін), таңғалмаймын. Сот өтіп, кінәлі деп табылғанға дейін ешкімнің бетін көрсетуге құқымыз жоқ. Өйткені оның нақты кінәлі екенін сот қана анықтайды. Қатаң заң қажет, - деп жазды Түсіпбаева.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Меруерт Түсіпбаева (@meruert_tusupbaeva)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: