Байқоңырда екі қазақстандық балабақша іске қосылды

20 Қаңтар, 01:37 975

Байқоңыр қаласында еліміздің білім стандарттарымен жұмыс істейтін бөбекжайлар саны артып келеді. Күні кеше жұлдызды қалашықта тағы
екі балабақша ашылып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Qyzylordatv-ға сілтеме жасап.

Байқоңыр қаласында қазір бас-аяғы 16 балабақша бар. Оның үшеуі қазақстандық білім стандартына сәйкес келеді. Міне олардың қатары қайта жаңғыртылған тағы 2 балабақшамен толықты. Оның біреуі 240 орынға арналған мемлекеттік балабақша болса, екіншісі 120 орынға жоспарланған жеке балабақша.

Жалпы Байқоңыр қаласында Ресей Федерациясының тарапында болған балабақшаларды қазір Қазақстан тарапына алып, отандық білім беру стандартына сәйкес оқытуға мүмкіншілік туып отыр. Бұл жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.

Негізі Байқоңыр қаласында осы Ресей тарапында болған балабақшаларды қазір Қазақстан тарапына алып, Қазақстанның білім стандартына сәйкес оқытуға мүмкіншілік туып отыр. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасады». Осылайша жыл соңына дейін мектепке дейінгі ұйымдардағы кезектілік мәселесі шешімін табады, - дейді ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай.

Өкілдің айтынша, биылғы жылдың ортасына дейін тағы бір балабақша қазақстандық білім стандартына өтеді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: