«БАЙКАЛ МЕДИАТОРЛАР ЛИГАСЫ» АССОЦИАЦИЯСЫНАН АЛҒЫС

27 Қараша 2018, 06:32 2114

 

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенконың атына ресейлік «Байкал медиаторлар лигасы» Қауымдастығының Алғыс хаты келіп жетті.

Атап айтқанда, «Байкал медиаторлар лигасы» Қауымдастығының басқарма төрайымы Анастасия Архипкина Л. Прокопенкоға ынтымақтастық және «Сен өзің істей аласың!» іс-шара жобасының тиімді жүзеге асуына жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың қазан айында «Байкал медиаторлар лигасы» Қауымдастығы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асыруға кірісті, соның ішінде «Сен өзің істей аласың!» сотталғандардың құқықтарын қорғау жобасы да бар. Медиация институтын дамыту – адам құқықтарын қорғау тәсілі, қақтығыстарды азайту және қоғамдағы құқықтық мәдениетті жақсарту құралы болып табылады.

Сондай-ақ «Байкал медиаторлар лигасы» Л. Прокопенкоға «Сібір: Еуропа және Азия – медиация туралы диалог» І халықаралық форумын өткізгені үшін алғыс білдіреді.

Аталмыш форум 11-12 қазанда Иркутск қаласында өткен болатын.

Форум аясында екі күн бойы Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Белоруссия, Қырғызстан, Моңғолия медиаторлары ТМД елдерінде медиацияны дамыту мәселелерін талқылап, оны қолданудың тәжірибесімен бөлісті және өзара пікір алмасты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер атынан форум спикері Павлодар облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары, Медиация орталығының жетекшісі Ольга Николашина сөз сөйледі.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: