Баяндама оқып, байқамай боқтап жіберген депутат кінәсін мойындады

22 Ақпан, 15:11 1094

Алматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов жиналыс кезінде баяндама оқып, кейбір сөзге тілі келмей боқтап жіберген. Депутатты полиция департаментіне шақырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тимур Елеусізовке боқауыз сөз айтқаны “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша айыппұл салынған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында мәлімдеді.

Бүгін таңертең мен полиция бөліміне келдім, түсініктеме жаздым. Олар мені Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша жауапкершілікке тартты. Жіберген қателігіміз үшін толық жауапкершілік алуымыз керек, - деді депутат Instagram-парақшасындағы видеода.

Алматы мәслихаты Елеусізовтің балағат сөз айтуына қатысты оқиғаға қатысты пікір білдіріп, оған сөгіс берілгенін жеткізген.

Алматы қалалық мәслихатында бірден барлық депутаттардың қатысуымен әңгіме өтіп, оның барысында Тимур Елеусізовке депутаттық этиканы қатаң сақтау қажеттігі айтылып, әріптестері тарапынан сөгіс берілді, – делінген пікірде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: