Баянауылда жұмыспен қамту орталығының жүргізушісі жол апатынан көз жұмды

4 Шілде 2023, 15:42 626

Ер адам жүк көлігімен соқтығысқан. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жыл басынан бері облыс кәсіпорындары мен ұйымдарында 44 жазатайым оқиға болған. Оның ішінде 46 адам зардап шекті, 29 адам ауыр жарақат алды, екі адам қаза тапты.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов мәлім етті. 

Жұмыспен қамту орталығының көлігі апатқа ұшырады. Бұл жағдай 5 мамыр күні болған еді. Қалқаман – Баянауыл тас жолында «КамАЗ» жүк көлігі қарсы жолаққа шығып, сол бағытта келе жатқан жеңіл көлікпен соқтығысқан. 44 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір орталық қызметкерінің оң қолы сынған және бірнеше жері жарақаттанған, – дейді Асқар Қапанов.

Сондай-ақ «Барысстрой» ЖШС-да ГРЭС-1-де оқыс жағдай болған. Жұмысшыны кран техникалық көлігі қысып тастаған.

Екі жағдайда да кәсіпорындардың кінәсі толық анықталды. Бірақ Қалқаман – Баянауыл тас жолында болған оқиғаға жұмыс беруші мекеменің кінәсі анықталмаған. Қызметкерлер жұмыс уақытында болған соң кәсіпорынды толық кінәлі деп анықтады. 

EL.KZ
Бөлісу: