29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБаянауыл құтқарушылары туристерге көмекке келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құтқарушыларға ер адам хабарласып көмек сұраған. Оның айтуынша, әйелі мен енесі - Қарағанды тұрғындары Жасыбай көлінің оңтүстік жағалауында жаяу серуендеген. Серуендеу барысында демалушылар көлдің қарама-қарсы жағына кетіп қалған. Ауа-райының күрт нашарлап, жел мен жаңбырдың басталуына байланысты олар өздігінен орала алмай, көмек сұраған.
Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қайықпен шыққан. Қызметкерлер екі турист әйелді аман - есен жағаға жеткізді. Демалушыларға медициналық көмек қажет болмады.
Осы ретте ТЖМ демалушыларға ауа райы жағдайларын, жүріп-тұру маршруттарын ескеріп және табиғатта болған кезде сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек