15.07.2024
05:36
1038
Баянауыл құтқарушылары жастарға таудан түсуге көмектесті

Баянауыл құтқарушылары жастарға таудан түсуге көмектесті

 
Павлодар облысында тауға шыққан екі адам төмен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше 1997 жылы туылған жігіт пен 2000 жылы туған қыз бала тауға шыққан. Алайда күн батқаннан кейін олар төмен түсе алмады.
Оқиға орнына дереу 5 құтқарушы жіберілді. 700 метр биіктіктен альпинистік жабдықтың көмегімен демалушылар төменге түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Бір жарым сағат бұрын, құтқарушылар "Ақбет" тауына көтеріліп, өздігінен түсе алмаған 50-жастағы ер адамға таудан түсуге көмектесті, - деп жазылған министрліктің хабарламасында. 
Тексеру барысында құтқарылғандарға медициналық көмек қажет емес екені белгілі болды.