Баян Алагөзова Талғат Теменовтен кешірім сұрады

27 Қазан, 17:40 438

Продюсер Баян Алагөзова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында кімді сатып кеткенін және кімнен кешірім сұрағысы келетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында Алагөзова өзімен бірге жұмыс істеген қыздардың неге сатқындық жасағанын түсіндірді.

Кезінде мен де дәл осылай істегенмін. Өмір – бумеранг. Бірде «Мен жұлдызбын, менің арқамда сіз жетістікке жеттіңіз, себебі мен тұнып тұрған талантпын» деп айтқанмын, - деді Баян Алагөзова.

Сонымен қатар ол кімнің алдында кінәлі екенін де алға тартты.

Талғат Теменовтен кешірім сұрағым келеді. Себебі сол кісі Орал деген шағын ғана қаладан келген кішкентай Баянды Қазақстанға танымал етті. Ол кісі екінші фильм түсіретін кезде мен оған: «Бұдан былай киноға түскім келмейді. Сіз маған керек емессіз» дедім. Осы сәтті пайдалана отырып Талғат Теменовтен кешірім сұраймын, - деді Алагөзова.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: