Баян Алагөзова: Өміріңіздің күл-талқанын шығаратын еркектен қашыңыз!

14 Қараша 2023, 12:00 2320

Танымал продюсер Баян Алагөзова әйелдерге бала үшін де, басқа үшін де күйеудің қорлығына шыдауға болмайтынын жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында патриархалдық қоғамда өмір сүріп жатқанымыз туралы пікірін білдірді.

«Еркектің айтқаны дұрыс» дейтін қоғам ешқашан түзелмейді. 90 пайызын ерлер құрайтын Парламентте ешқашан әйелдерге қатысты әділдік болмайды. Біз патриархалдық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Оның мағынасын бәріңіз білесіздер: «Еркектікі – дұрыс, әйелдікі – қате». Мен түсірген соңғы фильмдегі эпизод – көптеген отбасының жанайқайы. Кешіру, шыдау, бәрі өзгеретініне сену – аңыз. Қоғамды кезіп жүрген сұмдық оқиға – сөзіміздің дәлелі. Өзгермеңіз, өзіңізді сақтаңыз. Ешбір тиран адам сенің өміріңді қорламауы керек. Балаларың үшін де, басқалардың пікірі үшін де шыдауға міндетті емессің. Өміріңнің күл-талқанын шығаратын еркектен қашыңыз! – деді продюсер.

Айта кетейік, 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінді бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген жаңалық тарады. Сондай-ақ Қуандық Бишімбаев өзін өлтіретінін айтып, полиция қызметкерлерін қорқытқан. Жантүршігерлік оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары белсенділік танытып, қылмыскерді қатаң жазаға тартуды талап етіп жатыр.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: