Байқоңырда «Союз МС-22» ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жүргізіліп жатыр

23 Шілде 2022, 13:25 2864

Жұмыстың келесі кезеңінде пневматикалық, автономды және кешенді сынақтар жүргізіледі

«Байқоңыр» ғарышайлағында «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесін ұшыру үшін «Союз-2.1а» зымыран тасығышын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Южный» ғарыш орталығының мамандары зымыранның бірінші және екінші кезеңдерін механикалық құрастыруды жүзеге асырған соң олар ғарышайлағы учаскесінің № 31 техникалық кешенінің құрастыру-сынау корпусындағы сақтау орнына жөнелтілді.

Роскосмостың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыстың келесі кезеңі - пневматикалық сынақтар, автономды және кешенді сынақтар, ең соңында ғарыштық зымыранның жалпы жинақтау жұмыстары. Еске сала кетсек, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын ұшыру 2022 жылдың 21 қыркүйегіне жоспарланған. ХҒС-қа құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Франсиско Рубио бар 68-ші ұзақ мерзімді экспедиция экипажы аттанады.

Бөлісу: