«Бавария» Кейнді 70 млн еуроға сатып алуға дайын

28 Маусым 2023, 05:10 933

27 маусымда Мюнхеннің «Бавария» клубы «Тоттенхэмге» клуб капитаны Харри Кейнге қатысты ұсыныс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тhe Athletic басылымының мәліметінше, Мюнхен клубы Англия тарихындағы ең үздік сұрмерген үшін 70 миллион еуро және бонустар төлеуге дайын. Дегенмен Кейннің келісімшарты аяқталған жоқ, ол әлі «Тоттенхэм» сапында тағы бір жыл ойнай алады.

Ал Кейннің өзі «Баварияға» ауысқысы келетін көрінеді.

Transfermarkt 29 жастағы сұрмергенді 90 миллион еуроға бағалайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: