Бауыржан Сыздықов ТЖ вице-министрі қызметінен босатылды

5 Қыркүйек, 19:05 311

Бауыржан Сыздықов Төтен жағдайлар министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Бауыржан Мәдиұлы басқа қызметке ауысқан.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Сыздықов басқа қызметке ауысуына байланысты төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды,-делінген Үкімет мәліметінде.

Еске салсақ, Бауыржан Сыздықов вице-министр лауазымына өткен жылдың 13 қыркүйегінде тағайындалған болатын.

Перизат Саденова
Бөлісу: