Бауыржан Байбек өзі оқыған неміс мектебіне барды

11 Сәуір 2023, 15:36 4203

Белгілі саясаткер, Алматы қаласының экс-әкімі Бауыржан Байбек Германияның Любек қаласындағы өзі оқыған музыкалық мектепке қаржылай қолдау көрсетті, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Германияның Lübecker Nachrichten сайты танымал саясаткердің Любек қаласына келгенін жазды. Сол жақта белгілі пианиношы Эвелинда Трекнердің бюстін орнатып берген. «Колизей» залында салтанатты ашылу салтанаты өткен. 

Журнал жариялаған суретте солдан оңға қарай: мүсінші Клаус Герц, Бауыржан Байбектің өзі, коммерциялық емес ұйымының өкілі  Антже Петерс-Хирт және сенатор Дагмар Пол Лаукамп бар.

Бауыржан Байбек Германияның Любек қаласындағы музыкалық мектебінде “Болашақ” бағдарламасымен білім алған. 1998 жылы ол  “педогог” мамандығын бойынша бітірген.

Еске салайық, Бауыржан Байбек "Нұр Отан" партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, сондай-ақ 2015-2019 жылдар аралығында Алматы қаласының әкімі болған.

Алмас Абылай
Бөлісу: