«Бауырына салу» фильмі кинотеатрларда көрсетіле бастады

18 Шілде, 15:36 791

Қазақстанда Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі прокатқа шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Фильм әжесінің қолында өскен жеткіншектің оқиғасын баяндайды. Әжесі қайтыс болғаннан кейін ол өзінің ата-анасына оралуға және оған бөтен адамдармен жаңа ортада қарым-қатынас құруға мәжбүр болады.

Сурет: Ұлттық киноны қолдау орталығы

Бұл – ішінара менің жеке өмірімнен алынған оқиға. Мен де әжемнің қолында өстім, мені тәрбиелеген сол кісі. Осы мәселені жіті зерттедім. Мұндағы басты нәрсе – ата-анамен баланың қарым-қатынасы. Ата-әжесінің қолында өскен кез келген бала өз ата-анасын «әке» не «ана» деп атамайды. Неге олай? Әр сондай баланың ішінде «мені тастап кеткен» деген реніш бар. Фильмнің драматургиясы, ескі отбасынан айырылғаннан кейін әлі де жаңа отбасы табу мүмкіндігі бар екенін көрерменге жеткізу, – дейді режиссер.

Асхат Кучинчирековтің өзі бұл жобада режиссер, сценарист және продюсер ретінде жұмыс істеді. Түсірілімнің негізгі локациялары – Алматы облысындағы Құйған және Тұйық ауылдары. Қоюшы-операторы - Жанарбек Елеубек.

Авторлар фильмнің тұсаукесерін ірі халықаралық кинофестивальдерде өткізді. Режиссердің айтуынша, бұл туынды – қазақ халқының салт-дәстүріне деген ерекше құрмет.

 

Ажар Лаубаева
Бөлісу: