Батыс Қазақстанға 100-ден астам құтқарушы жіберілді

13 Наурыз 2023, 19:34 1031

13 наурызда су тасқыны салдарын тез арада жою үшін Батыс Қазақстан облысына Атырау және Маңғыстау облыстарынан 100-ден астам адам мен 30-дан астам бірлік техника жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Күштер мен құралдар министрдің өкіміне сәйкес авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуге жедел ден қою мақсатында жіберілді.

Құтқару бөлімшелері бүгін Батыс Қазақстан облысына жеткен соң, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарын жүргізуге кірісетін болады.

Тасқала ауданында Деркөл өзеніндегі су деңгейі төмендеп, 525 см құрайды, Шежін-2 өзеніндегі су бекетінде төмендеп, 664 см құрайды. Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Бөрлі аудандарының су тасқыны қаупі бар елдімекендерінде бақылау жалғасуда.

2023 жылғы 12 наурызда сағат 15.00-ден бастап температураның +12 градусқа дейін күрт көтерілуі және қардың қарқынды еруі нәтижесінде Сарытау және «Свистун» тауларынан (биіктігі 300 м.) қалаға еңіс жерлермен Зашаған кентінің Саратов трассасы бойындағы жұмыс істеп тұрған арналар бойымен судың көп мөлшері келіп, еріген су көлемі жобалық өткізу қабілеттілігінен асып түсті. Нәтижесінде Сарытау шағын ауданы бойынша су жайылды.

Жергілікті атқарушы органдардың күшімен құрамында 103 адам, 125 бірлік техника, 6 мотопомпа және Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 70 адамы, 6 бірлік техника, 8 мотопомпа, Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінен 40 сарбаз тартылды, аралық көпірлердің жарылуы және канал секциялары арасында мотопомпалардың көмегімен суды айдау ұйымдастырылды, бұл суды өткізу қабілетін арттыруға ықпал етіп, Зашаған кентінің тұрғын аудандарына төгілуді азайтты.

Жедел қабылданған шаралардың арқасында ағымдағы жылғы 12 наурыз сағат 15.00-ден 13 наурыздан 00.00-ге дейін қолданыстағы арнаның үзілуіне және  сол арқылы тұрғын үйлердің су басуына жол берілмеді.

Сонымен қатар, таулардың биіктігінен арнайы арнаны орнату бойынша бұрын қабылданған алдын алу шараларын ескере отырып, жоғары температуралық фонда еріген сулардың өту кезеңінде Зашаған кентіндегі жағдайдың асқынуын болдырмауға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта қала бойынша қауіп барынша азайтылды, жағдай тұрақталды, тиісті қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылды.

Орал қаласы, Зашаған кентінің 5 көп қабатты тұрғын үйінің жертөлелерінде су бар (су айдау жүргізілуде), 2 жеке тұрғын үй және 2 көп қабатты тұрғын үйлерде су толық көлемде сорылды.

EL.KZ
Бөлісу: