Батыс Қазақстанда жағдай тұрақталып келеді

29 Сәуір, 16:50 1058

Өңірде Жайық өзенінің су деңгейін бақылау жалғасуда. Қазіргі деңгейі - 8 м 36 см, су деңгейі қауіпті көрсеткіштен 14 см түсті. 28-29 сәуір күндері су деңгейі төмендейді деген болжам бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс бойынша су тасқыны кезеңінде 14 019 адам эвакуацияланды, оның 5 193-і бала, 12 эвакопунктте 2428 адам орналасқан, оның 1038-і бала. 2 елді мекен жол-көлік қатынасынсыз қалып отыр, 15 жол шаю оқиғасы қатаң бақылауда. 5 сәуірден бері 1,3 млн тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Жалпы саны 1,1 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылды. 1,3 млн қапшық және 26 638 тонна инерттік материал төселді, - деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Жалпы су тасқынының алдын алу және авариялық құтқару жұмыстарына 1596 адам, 477 бірлік техника, 63 су сору құралы, 151 жүзу құралы және 1 әуе кемесі жұмылдырылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: