Бөрлі, Қаратөбе, Шыңғырлау, Сырым, Казталов және Бәйтерек аудандарында инертті материал салынған қап төсеу жұмыстары жалғасуда. Жалпы 6000-ға жуық қап төселді, 84000-ға жуық текше метр су сорылды",-деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Оның айтуынша, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша инертті материал салынған 32 000 қап төселді, 420 000 текше метр су сорылды.
Сонымен қатар өткен тәулікте Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарында жағдай тұрақтанды, күштер мен құралдар басқа учаскелерге жіберілуде.
Қазіргі уақытта Орал қаласы аумағында орналасқан Деркөл және Шаған өзендері арналарындағы су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. 11 бақылау гидробекеті қойылды, олардың көрсеткіштері бойынша жедел шешімдер қабылдануда.