02.10.2023
21:44
865
Батыс Қазақстанда полицияға пара берген шетелдік ұсталды

Батыс Қазақстанда полицияға пара берген шетелдік ұсталды

Батыс Қазақстан облысында Беларусь Республикасының азаматы полиция қызметкерлеріне пара беру кезінде ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол ҚР жолда жүру ережесін бұзып, полиция қызметкеріне әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 2 мың рубль көлемінде пара ұсынған. Оқиға орнына Теректі аудандық ПБ жедел-тергеу тобы шақыртылды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деп мәлімдеді Ішкі істер ведомствосы.

Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты «Келуге міндетті» түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.