Батыс Қазақстанда мас ер адам дүкеншінің саусағын кесе жаздады

2 Наурыз 2023, 19:33 847

Мас ер адам қаладағы дүкендердің біріне кіріп, сатушысына пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны беруін талап еткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әйел адам оның айтқанын орындаудан бас тартқан кезде ол қоқан-лоқы көрсетіп, оның қолына жарақат салған. Ақшаны алу мүмкін болмайтынын түсінген шабуылдаушы дүкеннен бірнеше тауарларды алып, қашып кетті.

Қарақшы ізін суытпай ұсталды, ол 42 жастағы тұрғын екені анықталды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Келтірілген шығын сомасы небары 4099 теңгені құрады. 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

EL.KZ
Бөлісу: