Батыс Қазақстанда ірі қылмыстық топты ұсталды

30 Қазан 2023, 20:18 836

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысатын заңсыз арнаны анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық топ балық өнімдерін жалған құжаттарымен Орал қаласындағы орталық базарларына әкеліп сатқан.

1520,55 келі бекіре балығы, 27,3 келі қызыл және 1,25 келі қара уылдырық, сондай-ақ 2 млн 705 мың теңге және 35,8 мың рубль, тапанша, оқ-дәрілер, электронды таразы, пышақ, дүрбі тәркіленді, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.

Ұсталған азаматтар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары екені анықталды. ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тереп-тексеру жұмыстары басталды. Заң бұзғандарға қатысты қозғалған іс жан-жақты тексеріліп жатыр.

Берік Арманов
Бөлісу: