26.12.2022
21:22
1640
Батыс Қазақстанда 49 елдімекен таратылуы мүмкін

Батыс Қазақстанда 49 елдімекен таратылуы мүмкін

Батыс Қазақстан облысындағы 49 елдімекен таратылуы мүмкін. Себебі бұл елдімекендердегі тұрғындар саны 50 адамға жетпейтіндіктен, ауыл мәртебесіне сай келмейді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Басқарманың мәліметінше, Бөрлі ауданында – 4, Жәнібекте – 3, Бәйтеректе – 8, Казталовта – 1, Қаратөбеде – 3, Сырымда – 8, Тасқалада – 7, Теректіде – 5, Шыңғырлауда – 8, Орал қаласының аумағында осындай 2 елдімекен бар.

Аталған жерлерде білім беру мекемелері жабылған. Бұдан бөлек 8 елдімекенде медициналық мекемелер, біреуінде орталық сумен қамту жүйесі, 9 елдімекенде газ бар. Шыңғырлау ауданына қарасты Сұлукөлден басқа елдімекендердің бәрі жарықпен қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, БҚО-да 2020 жылы 7 елдімекен, өткен жылы 9 елдімекен таратылған болатын.