Батыс Қазақстан облысының су айдындарында 3 адам құтқарылды

13 Тамыз 2023, 23:53 702

Тағы бір адам іздестірілуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2023 жылғы 13 тамыз күні сағат 16.40-да Орал қаласы Жайық өзені бойында  «Стелла» ауданында 2007 жылы туған жасөспірімнің суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түседі.

Сол маңда судағы қауіпсіздік бойынша рейд жүргізіп жүрген төтенше жағдайлар қызметкері аға лейтенант Асар Бисаков суға шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды.

Сонымен қатар, сағат 16.47-де Жағалау көшесіндегі Жайық өзені бойында үш адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға маңында рейд жүргізіп жүрген  ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 2011 жылғы туған жасөспірім мен 1974 жылы туған азаматты шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға батып бара жатқан жерінен құтқарды. Қазіргі уақытта 2006 жылы туған тағы бір жасөспірім іздестірілуде.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Біз үшін әр адамның өмірі маңызды!

Перизат Саденова
Бөлісу: