Батыс Қазақстан облысына бюджет қашан әділ бөлінеді

9 Маусым 2023, 07:24 708

Депутаттардың сауалына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық экономика министрлігі БҚО автожолдарын қаржыландыруға қатысты келесіні хабарлайды. Автожолдарды қоса алғанда, базалық инфрақұрылым деңгейін теңестіру үшін «Көлік жəне коммуникация» функционалдық тобы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттерді (ЖСТ) есептеу кезінде облыстық жəне аудандық маңызы бар жолдардың жай-күйін кезең-кезеңімен жақсартуды ескеретін коэффициент қолданылды. 

Коэффициентті есептеу облыстық жəне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жəне орташа жөндеу бойынша шығыстарды жоспарлау үшін əзірленген Əдістемеге сəйкес ИИДМ жүргізді. 

ИИДМ ұсынысы бойынша ЖСТ туралы заңда облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жəне орташа жөндеуге бағытталатын бюджет қаражатының ең төменгі көлемі 2023 жылға – 147,7 млрд.теңге, 2024 жылға – 148,5 млрд. теңге, 2025 жылға – 148,5 млрд. теңге сомасында бекітілді. БҚО бойынша бұл қаражаттың көлемі 2023 жылға – 21,9 млрд. теңгені, 2024 жылға – 22,0 млрд. теңгені, 2025 жылға – 22,0 млрд. теңгені құрады.

Осы қаражат шеңберінде 2023 жылы нормативтік жағдайдағы облыстық жəне аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 87%-ға, 2024 жылы – 90%-ға жəне 2025 жылы – 91%-ға, соның ішінде БҚО бойынша 2023 жылы – 57%-ға, 2024 жылы – 64%-ға, 2025 жылы – 71%-ға дейін жеткізу (кезең-кезеңімен жақсарту) көзделеді.

Орта мерзімді кезеңде өңірлік саясаттың жалпыұлттық басымдығы əрбір азамат үшін кепілдендірілген базалық қызметтер деңгейінде «теңгерімді аумақтық дамуды» қамтамасыз ету болып табылады. Қолданыстағы жүйеге сəйкес, бюджетаралық қатынастар жалпы сипаттағы трансферттермен (бюджеттік субвенциялар мен алып қоюлар), нысаналы трансферттермен (нысаналы ағымдағы трансферттер мен даму трансферттері) жəне кредиттермен реттеледі.

Бюджетаралық қатынастар жүйесінде өңірлік айырмашылықтар сақталуда. Мемлекет басшысының мақұлдауымен3 бюджетаралық қатынастарды реформалау екі кезеңде (2023 жылдан бастап бірінші кезең, 2024 жылдан бастап екінші кезең) жүргізілуде. 

Осыған байланысты, 2023-2025 жылдарға арналған ЖСТ есептеу кезінде «базалық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджетаралық қатынастардың негіз қалаушы қағидатын іске асыру үшін өңірлік ерекшелікті ескере отырып, жергілікті бюджеттердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру бойынша тəсілдер қолданылды (жаңартылған салалық көрсеткіштер қолданылды).

Осылайша, ЖСТ есептеу əдістемесі барлық өңірлерге бірыңғай тəсілді болжайды, яғни есептеу өңірдегі бюджеттік қызмет алушы халықтың санына қарай жүргізіледі. Сондықтан, егер облыстар арасында субвенция көлемінде айтарлықтай айырмашылықтар болса, онда бұл, біріншіден, облыстардағы аудандар, қалалар мен халық санының айырмашылығымен, екіншіден, салық салынатын кіріс базасындағы айырмашылықтармен түсіндіріледі.

Мысалы, жаңадан құрылған Ұлытау облысына 2 аудан жəне 3 қала ғана берілді, облыс халқы 226 мың адамды құрайды, ал Түркістан облысында 2023 жылға халық саны 2 млн 189 мың адамды құрайды деп болжануда, облыс құрамында 13 аудан жəне 836 елді мекен бар. Сонымен қатар, бюджетаралық қатынастарды реформалаудың екінші кезеңін іске асыру шеңберінде нысаналы трансферттерді қоса алғанда, бюджетаралық трансферттерді жоспарлау тəсілдері қайта қаралуда. 

«Нəтижелерді басқару» моделіне көшуді ескере отырып, жергілікті бюджеттерді жоспарлауда өңірлерді дамыту жоспарларының рөлін күшейту көзделеді. Қазіргі уақытта өңірлерде инфрақұрылымдық жобалар жобалық-сметалық құжаттамасы бар өтінімдер негізінде қаржыландырылады. Яғни, инфрақұрылым тиісті құжаттармен өтінімдер дайын болған жерде қаржыландырылады.

Осыған байланысты жобалық қаржыландырудан бас тарту жəне қамтамасыз ету деңгейіне қаржыландыруға көшу есебінен бюджетаралық қатынастар жүйесінде оңтайлы қайта бөлу процестерін құру қажет. Халықтың базалық игіліктер мен қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін ең төменгі базалық нормативтерді (желілерді) белгілеу және бюджетті жоспарлау мен орындау кезінде оларды заңнамалық бекіту пысықталуда. Осыған байланысты, ЖСТ шеңберінде базалық инфрақұрылымды жоспарлауды жергілікті деңгейге беру жоспарлануда.

Тиісті есептеулер салалық министрліктер мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп әзірлейтін салалық әдістемелерге негізделетін болады. Қазіргі уақытта, ҰЭМ салалық министрліктермен бірлесіп, əлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық, көліктік жəне өзге де инфрақұрылымдағы базалық нормативтер (желілер) саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, бюджет қаражатын қалыптастыруды жəне пайдалануды нормативтік қамтамасыз етуге талдау жəне тексеру жүргізуде. 

Мұндай тəсіл өңірлер арасындағы базалық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етудегі бар теңгерімсіздіктерді теңестіруге мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Тұтастай алғанда, урбандалу деңгейінің жеткіліксіздігі, Астана жəне Алматы қалаларынан басқа өңірлер экономикасының шикізаттық бейіні, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің төмендігі, тартылатын инвестициялар көлемінің жеткіліксіздігі, экономиканың жекелеген секторларының дамымауы (өңдеу өнеркəсібі, ішкі туризм жəне басқалар) өңірлер бөлінісінде халық кірісіндегі тұрақты сəйкессіздікке алып келетінін атап өту қажет.

Өңірлер бойынша халық кірісінің деңгейіндегі осы сəйкессіздіктер индустриялық-инновациялық даму, кəсіпкерлікті қолдау жəне дамыту, нəтижелі жұмыспен қамту жəне жаппай кəсіпкерлік жобалары шеңберінде экономиканы əртараптандыру жолымен шешілуге тиіс. Мақсаттың өзі жеке инвестицияларды тарта отырып, өңірлік экономиканың дамуын қамтамасыз ету, шағын жəне орта бизнес рөлін күшейту, сондай-ақ аумақтың бəсекелестік артықшылықтарын пайдалану арқылы ЖӨӨ құрылымындағы бюджет қаражатының үлесін біртіндеп азайту болуға тиіс.

Анықтама: мысалы, БҚО 2022-2025 жылдарға арналған əлеуметтікэкономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылық қамтамасыз етудегі жеке инвестициялардың жоспарланған үлесі 64%-ды құрады. 

Жергілікті бюджеттің базасына берілген 2023-2025 жылдар бойынша шығыстар көлемі және оған барлық көрсеткіштер облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерімен келісілген. Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы №963 қаулысымен «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба (бұдан әрі - Ұлттық жоба) бекітілді.

Ұлттық жобаға сәйкес БҚО 2024-2025 жылдары 18 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Аталған мектептердің құрылысына ҚР Ұлттық қоры және Республикалық бюджет шеңберінде 101,7 млрд.теңге (2023 жылға - 17,9 млрд. теңге, 2024 жылға - 36,6 млрд. теңге 2025 жылға - 47,2 млрд.теңге) көзделген және де Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2023 жылға БҚО 2 мектептің құрылысын аяқтау үшін 684 млн теңге бөлінді.

ҰЭМ атынан Табиғи монополияларды реттеу комитеті (бұдан әрі – ТМРК) табиғи монополиялар субъектілерінің (ТМС) қызметін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады және табиғи монополиялар салаларындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде ТМС мемлекеттік реттеу мен бақылауды іске асырады, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Тауарлық газдың бөлшек сауда бағасы көтерме бағалар, газ тарату жүйелері бойынша газ тасымалдау тарифі және газды өткізуге байланысты шығындар негізінде қалыптастырылады. Қазақстанды газбен жабдықтау саласындағы тарифтер мен бағаларды мемлекеттік реттеу жөніндегі функциялар екі мемлекеттік орган арасында бөлінген. Яғни Энергетика министрлігі ҰЭМ келісімі бойынша жыл сайын шекті көтерме бағаларын 1 шілдесінен бастап «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес ҚР өңірлерін газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайларын ескере отырып, әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке-жеке (бөлшек бағадағы көтерме бағалардың үлесі 76% - құрайды) бекітеді.

Шекті көтерме бағалар тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушылардан газды сатып алу бағасын және оны магистральдық тасымалдау шығындарынан құралады. Газға баға белгілеу мәселелеріне қатысты Қарашығанақ кен орнының газы Орынбор МӨЗ өңделетінін және БҚО тұтынушылары үшін айтарлықтай төмен бағамен сатылатынын, яғни бұл «QazaqGaz» ҰК» АҚ үшін шығын болып табылатынан атап өту қажет.

Тауарлық газдың өзіндік құнына шикі газды сатып алу, тасымалдау және оны Орынбор МӨЗ өңдеу, тауарлық газды Ресейдің Қазақстанмен шекарасына дейін тасымалдау, әкімшілік шығыстар және «QazaqGaz» ҰК» АҚ үшін 31,68 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) кіреді. Газды бөлшек саудада сатуды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жүзеге асырады және соңғы тұтынушылардың атына бағасы 16,79 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) құрайды.

Осылайша, мемлекет халық үшін газдың бөлшек бағасын 14,89 теңге/м3 (ҚҚС-сыз) мөлшерінде субсидиялайды. ҰЭМ ТМРК «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес тауарлық газды тасымалдауға арналған тарифтерді бекітеді (ТМРК департаменттері, тауарлық газды бөлшек бағамен тасымалдауға арналған тарифтің үлесі 18% - құрайды), сондай-ақ ҚР Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес газдың шекті бөлшек бағаларын (бұдан әрі – Кодекс, субъектінің тіркелген жері бойынша тиісті аумақтық бөлімше, бөлшек бағадағы жабдықтау үстемесінің үлесі 6% құрайды) келіседі.

Өздеріңіз білетіндей, ЭМ 2022 жылғы 14 мамырдағы №172 бұйрығымен ішкі нарықта орташа өсімі 8%-ға тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағасы бекітілді. Анықтама: Атырау облысы үшін өсім 15% құрады, ал БҚО тұтынушылары үшін өсім 5%. Қоғамдық маңызы бар нарықтардағы баға белгілеу қағидаларына сәйкес тауарлық газды көтерме саудада өткізу бағасы өзгерген жағдайда тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы субъектілер қайта қарайды және ТМРК келіседі.

Осылайша, ТМРК 2022 жылғы 30 маусымдағы № 32-1-32/4065 хатымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тұтынушылары үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағасы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіле отырып, Қазақстан бойынша орташа есеппен 2,4%-ға (халық үшін 1 м3 үшін 1 теңге шегінде) халық үшін өсіммен келісілді, оның ішінде:
- Атырау облысы үшін 4 696,66 теңге мың/м3 (ҚҚС-сыз) 5 266,98 теңге мың/м3 (ҚҚСсыз) дейін 12,14% - ға өсті;
- БҚО қолданыстағы мөлшер деңгейінде қалдырылды 16 958,62 теңге за мың/м3 (ҚҚСсыз НДС).

Осылайша, тауарлық газды бөлшек саудада сату бағасының өсуі негізінен тек газ сатып алуға байланысты шығындармен байланысты (көтерме баға). Бұдан басқа, тұтынушылар топтары бойынша сараланған бағаларды қалыптастыруға тауарлық газды өткізу көлемі де әсер ететінін атап өткен жөн. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тұтынушылар үшін сараланған бағалар өзгерген жағдайда «халық» тұтынушылардың басқа топтары үшін тауарлық газдың құны артады.

Берік Арманов
Бөлісу: