Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры ұсталды

30 Мамыр, 11:23 1470

Бұл туралы ақпаратты Антикор ресми растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін желіде күдіктінің 12 миллион теңге пара алу фактісі бойынша ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры – оқу орнының басқарма төрағасы Әсет Қалиевтің ұсталғанын растады.

Әсет Қалиев бұл қызметке 2022 жылдың қыркүйегінде келген.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: