Батырманы басу арқылы дыбыс жазатын «ақылды» сақина шықты

Батырманы басу арқылы дыбыс жазатын «ақылды» сақина шықты

Pebble компаниясы қысқа дауыстық жазбалар жасауға мүмкіндік беретін смарт-сақинаны нарыққа шығарды. Құрылғының бағасы - 75 доллар (шамамен 40 мың теңге). Бір ерекшелігі, екі жыл бойы қуаттамай алаңсыз жүре аласыз.

Смарт-сақина қандай қасиеттерге ие?

Pebble стартапының негізін қалаушы Эрик Мигиковски Index 01 деп аталатын жаңа смарт-сақинаны таныстырды. Ол қысқа дауыстық ескертпелерді жазуға арналған және бір батырманы басу арқылы іске қосылады. Құрылғы есту аппараттарына арналған батареялармен жұмыс істейді. Өндірушілерінің айтуынша, сақина шамамен екі жыл бойы зарядтаусыз қызмет етеді, содан кейін оны қайта өңдеуге беруге болады.

Сақинанынң ішіне жасырын орнатылған аудио құрылғы, бес минутқа дейін аудио жаза алады, 100-ден астам тілді таңдауыңызға болады және Bluetooth-сіз де жұмыс істей алады. Жазған дыбысыңыз уақытша ішкі жадында сақталады.

Бұл құрылғы өзге смарт-сағаттар секілді фитнес-трекер емес және денсаулық туралы деректерді жинамайды. Оның мақсаты тек жылдам жазба жасау. Pebble қолданбасы арқылы жазбаларды сұрыптауға, ескертпе ретінде сақтауға немесе басқа сервистерге жіберуге болады. Сақинадағы батырманы музыка немесе камераны басқару сияқты басқа функцияларға да баптауға болады. Мигиковскидің айтуынша, ол сақинаны күніне 10-20 рет қолданып, 3-6 секундтық дауыстық хабарламалар жазып отырады.

Негізінен автордың  идеясы бойынша: үнемі қосулы тұратын және жасанды интеллектке сүйенетін, пайдаланушыны тұрақты тыңдап, деректерді сақтауда құрылғыларға балама ұсыну. Кәсіпкер бір функцияны орындайтын, күнделікті зарядтауды қажет етпейтін және жазылымсыз жұмыс істейтін минималистік гаджеттерге басымдық береді. Оның айтуынша, жаңа сақинаның басты мақсаты - пайдаланушы үшін «сыртқы жад» рөлін атқару және жеке деректерді толық бақылауда ұстау.

Бұл тәсіл заманауи құрылғыларға деген наразылықтың артуынан туындаған. Қазір көптеген пайдаланушылар үнемі қуаттауды, жаңартуды немесе жазылымды талап ететін техникалардан бас тарта бастады. Соның нәтижесінде тек қажет кезде ғана жұмыс істейтін қарапайым гаджеттерге қызығушылық өсіп келеді.

Нарықтағы құны мен бәсекелестері

75 долларлық (шамамен 40 мың теңге) сақинаның шығуы жылдам дауыстық жазбаларға арналған құрылғылар нарығын өзгертуі мүмкін. Қазіргі уақытта осыған ұқсас - Stream Ring 249 доллар (шамамен 130 мың теңге) тұрады және жазылыммен жұмыс істейді. Бағасы арзан және ай сайынғы төлемсіз өнімнің пайда болуы нарықтағы бәсекені күшейтіп, бағалардың төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.

Сонымен қатар, деректер құпиялығына және локалды өңдеуге басымдық берілуі осындай функциялардан қауіптенетін пайдаланушыларға таптырмас құрал болғалы тұр. Нарық талабы қарапайым, деректерді пайдаланушы толық бақылайтын құрылғыларға қарай ауысуы ықтимал.