500.32
545.3
6

«Батырларға тағзым» порталы «е-Архив» жүйесімен интеграцияланады – Балаева

t.me/KZgovernment
18 Наурыз, 10:36 303

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева креативті индустрияны цифрландыруға арналған Үкімет отырысында «е-Кино» ілкі жобасының алғашқы нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балаеваның сөзінше, бұл қазақстандықтарға екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі бірегей архив деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

9 мамырға арнайы жаңартылған «Батырларға тағзым» порталы іске қосылады. Қазақстанның архивтік қорларында сақталған барлық мәліметтерді біріктіру мақсатында бұл портал «е-Архив» жүйесімен интеграцияланады. Министрлік мәдениет, ақпарат, креативті индустрия және кітап ісі салаларын цифрландыруды тек жоғарыда аталған бастамалар мен жүйелер аясында ғана емес, сонымен қатар IT саладағы жетекші компаниялармен әріптестік негізінде де жүзеге асырады, - деді Аида Балаева

Мадина Асылбекова
Бөлісу: