26.08.2025
19:38
562
Batumi Cup 2025: Қазақстан бадминтоншылары үздік нәтиже көрсетті

Batumi Cup 2025: Қазақстан бадминтоншылары үздік нәтиже көрсетті

Қазақстан жас бадминтоншылары Batumi Cup 2025 турнирінде жоғары нәтижесі көрсетіпд, толық медаль жиынтығын иеленді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстан құрамасы халықаралық Batumi Cup 2025 турнирінде табысты өнер көрсетті. Отандық атлеттер әр түрлі жастағы санаттарда алтын, күміс және қола медальдарға қол жеткізіп отыр. Олардың арасында U-13 санатында София Леонова жекелей сын бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ,  София Леонова / Айлин Слямжан - жұптық сында алтын (U-13), Адель Мүтигуллина / Lencevica Laura (Латвия) — жұптық сында күміс (U-15),  Айлин Слямжан жекелей сында қола (U-13), Савва Абрамов / София Леонова аралас жұпта қола (U-15),  Альмахди Слямжан /  Савва Абрамов жұптық сында қола (U-15), Galinna Andi Kaya / Anri Arutinyan аралас жұпта қола (U-11) қол жүлдеге қол жеткізді. 

Бұл нәтижелер жас спортшыларымыздың еңбегінің, бапкерлердің қолдауы мен ата-аналардың сенімінің нәтижесіі болып отыр.