Басына оқ тиген: Алматыда ер адамның денесі табылды

3 Қыркүйек, 09:52 1105

Оқиға Алматыдағы Нұрлытау шағын ауданында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы маңдағы үйлердің бірінде түнімен тергеушілер мен сарапшылар жұмыс істеген.

Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірінен ер адамның денесі табылған. Алматы қалалық Полиция департаменті былай деп мәлімдеді:

Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: