Баспасөздің әлеуеті төмендеп барады

25 Қаңтар 2023, 11:41 1187

Қазмедиа орталығында өңірлік мерзімді басылымдар форумының алғашқы панельдік сессиясы басталды. БАҚ-на жаңа жағдай жасау туралы сессияның спикерлері саясатты өңірлік газеттердің рөлі, журналистік зерттеу, газеттегі жарнама және заманауи контентке көшіру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Басылымдар орталық, жекеменшік, өңірлік деп бөлінбеуі қажет. Халық әлі баспасөзді қадірлейді. Алайда, қазіргі таңда олардың әлеуеті төмендеп барады. Осы бағытта өңірлік БАҚ маңыздылығын көтеру мақсатында министр тарапынан бірнеше міндеттемелер қойды. Бірнеше заңнама негізідеріне өзгерістер енгізіледі», - деді «Қазақ газеттері» ЖШС-ның директоры Дихан Қамзабекұлы.

 «Айқын-Литер» директоры  газеттер әлеуметтік желілерде белсенді емес, редакцияның жұмыс жасауы мен шыққан мақалаларды желіде «рекомендацияға» шығара білсе, оқырмандардың арасында жастардың легін көбейтуге кеңес берді. 

«Баспалар жарнамамен жұмыс жасамайды. Газеттерді шығаратын қағаздар құны қымбаттап кетті. Бірақ біз газетті қымбаттата алмаймыз. Себебі бірден тұтынушылар саны азайып кетеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істей берсек, жалақы өсіре алмаймыз. Сәйкесінше жұмыс та тежеледі. Жарнамаға арнайы бет бөліп, өңірлік компаниялармен жұмыс жасасақ, үлкен табыс табуға болады», - дейді ол.

Журналистердің атынан Ерболат Мұхамеджан баспадағы бақылау туралы сөз қозғады. Ол мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс жасайтын басылымдарды халық оқи бермейтіндігін айтты.

«Сөз бостандығы, ашықтық, шынайы зерттеулер болмаса журналист болудың қажеті не? Ауданның, халықтың проблемаларын ашып жазбаса, тұтынушылар құрмет көрсетпейді. Газетті нарықпен жұмыс жасау қажет. Әкімдерді ұмыту керек», - деді журналист.

Форум 25-26 қаңтар аралығында өтеді. Аталған жиында өңірлік мерзімді басылымдардың әлеуетін жоғарылатып, жаңа деңгейге көшіру туралы бағыттар талқыланады.

Айым Даниярқызы
Бөлісу: