Астанада баспасөз қызметі мен БАҚ өкілдеріне арналған «Салалық журналистика мен медиакоммуникациядағы өзекті тәсілдер» атты үш айлық курс басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның ашылуында мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов «Дағдарыс коммуникациясының негізгі аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Вице-министр өз сөзінде баспасөз қызметтерінің жұмыс істеу қағидаттары, дағдарыс жағдайындағы жұмыс кезеңдері, тиімді коммуникация арналары, сондай-ақ халықаралық тәжірибе туралы айтты.
Сонымен бірге, ҚР Жоғарғы Сотының Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақас-Хайруллина, ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікпаева спикер ретінде сөз алды. Іс-шараға мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың 60 баспасөз қызметінің өкілі қатысты.
Аталған курс қазақ және орыс тілдерінде өтіп, бүкіл Қазақстан бойынша онлайн-трансляция арқылы көрсетіледі.