Баспана бағасын қалай тұрақтандыруға болады?

13 Шілде 2022, 00:08 1152

Алдағы 5 жылдың ішінде құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған 107 инвестициялық жоба іске асады.

Алдағы 5 жылдың ішінде құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған 107 инвестициялық жоба іске асады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Негізін айтар болсақ, мемлекет жылжымайтын мүлік нарығы бағасын реттемейді. Бірақ, біз тиісті мониторинг жүргіземіз. Сол нарық бағасының өсуіне не өспеуіне тікелей ықпал ететін құрылыс материалдары екені белгілі. Мемлекет осы құрылыс материалдары бағасының өспеуіне тиісті іс-шаралар қабылдауы керек. Біз, мысалы бес жылдың ішінде 107 инвестициялық жобаны іске асырамыз. Олардың көлемі бір трлн теңгеге жетеді. Аталған инвестициялық жобалар отандық құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған, - деді Үкімет басшысы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Жаңа Қазақстан» бағдарламасына берген сұхбатында.

Оның атап өтуінше, аталған жұмыстардың нәтижесінде еліміздің құрылыс саласына қажетті материалдарды шығарсақ, онда ол тұрғын үй бағасының тұрақтануына тікелей әсерін тигізетін болады.

– Бұл бағытта арнайы жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді Әлихан Смайылов.

Бөлісу: