11.11.2025
15:47
419
Бас прокурор қаза тапқан сарбаздардың аналарымен кездесетін болды

Бас прокурор қаза тапқан сарбаздардың аналарымен кездесетін болды

Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің мәселелерін қарау жұмысына Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылғанын хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Оның айтуынша, қайғылы жағдайға тап болған сарбаздардың аналарының ұсыныстары мен пікірлері назардан тыс қалмайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратураның басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды.

Олардың әрбір уәжі ескерусіз қалмайды. Сонымен қатар сарбаздардың қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау бағытындағы жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық комиссия қорытындыларының негізділігіне құқықтық баға беріледі, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары өз наразылығын білдірген болатын.

Көп ұзамай президент бұл мәселеге назар аударып, қорғаныс саласындағы өлім жағдайларын мұқият тексеруді және аналардың арыздарын қарауды тапсырды.