Бас прокурор Елдос Сметовке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті

10 Қыркүйек, 12:12 272

Бас прокуратурада Олимпиада чемпионымен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратурада дзюдодан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Елдос Сметовпен кездесу өтті.

Құттықтау сөзінде Бас Прокурор чемпионды Олимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтап, оның отандық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті.

Бас прокуратура басшылығы Олимпиада чемпионына алғыс хат пен бағалы сыйлық табыс етті.

Сондай-ақ, кездесу барысында Елдос Сметов Бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешенімен танысты.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: