Бас прокуратурада заңсыз иемденген активтерді қайтаруға қатысты жаңа комитет құрылады

23 Шілде 2023, 15:52 1226
Қазақстанда бас прокуратураның жанынан активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Аталған жаңа комитет заңсыз алынған активтерді елге қайтару ісімен айналыспақ. 12 шілде күні  Қазақстанда "Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар қабылданған болатын.
 
Енді осыған байланысты Президент Жарлығында Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының активтерді қайтару жөніндегі комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі құрылатыны туралы айтылып отыр.
 
Жаңа құжаттарға сәйкес, бас прокуратураның жаңа комитетінде 100-ден астам қызметкер жұмыс істейтін болады.
Асқар Таудай
Бөлісу: