Бас прокуратурада бизнесті қорғау сұрақтары қаралды

23 Мамыр 2023, 18:17 944

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен бизнесті қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес өтті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған іс-шараға «Атамекен» Ұлттық палатасы президиумының төрағасы Р.А. Баталов, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Р.М. Жүрсінов, Жоғарғы соттың, орталық ведомстволар мен министрліктердің басшылары қатысты.

Бас прокуратура мәліметінше, Берік Асылов Президент тапсырмасы бойынша прокурорлық қадағалау кәсіпкерлердің, сондай-ақ инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталғанын атап өтті.  

Осындай шаралардың бірі – өткен жылғы қыркүйектегі форумның нәтижесі бойынша қабылданған Бизнесті қорғау жөніндегі бірлескен іс-шаралардың кешенді жоспары.

Оған бизнес қоғамдастығын мазалайтын ең өткір және өзекті мәселелер қосылған.

Барлығы 44 іс-шара, салықтық әкімшілендіру мәселелерінен бастап, олардың құқықтарына нұқсан келтіретін кез келген деңгейдегі актілердің күшін жоюға дейін.

Нақты кейстер қамтылған осы іс-қимыл жоспарын іске асыруға 21 мемлекеттік орган жұмылдырылған.

Қол жеткізген нәтижелер мен проблемалар туралы Бас прокуратураның, Ұлттық экономика министрлігінің және Қаржылық мониторинг агенттігінің басшылығы тыңдалды.

Бүгінге қабылданған шаралармен кәсіпкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру 4 есе қысқарды (Бас Прокурордың 02.09.2022 жылғы нұсқауына дейін ай сайын орташа есеппен 150 іс тіркелсе, ағымдағы жылы – 40).

Қылмыстық қудалау органдары кәсіпкерлердің банктік шоттарына салған тыйым салуды алып тастау мәселесі шешілді (егер сот санкциясы болмаса, оларды қазір банктер 10 тәулік өткеннен кейін алып тастайды).

Мүдделері қозғалған бизнес субъектілері аудит қорытындыларымен танысу және  шағымдану құқығын беру мәселесі заңнамалық реттелді.

Кәсіпкерлерге қатысты салық бұйрықтарын шығарудың және фискалдық органның бақылау-кассалық машиналарды қолдану мәселелері бойынша тексерулер жүргізудің, сондай-ақ әкімшілік жазалар қолданудың заңсыз тәжірибесі тоқтатылды.

Қадағалау актілері бойынша 21 мыңнан астам салық бұйрықтарының және 13 мың атқарушылық өндірістің күші жойылды, 1260 бизнес субъектісі әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

150 мемлекеттік кірістер органдарының қызметкері мен сот орындаушылар, оның ішінде 24 басшы жазаланды.

Бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдар мен соттарға жүгіну үшін алғышарттарды жою бойынша жұмыс нәтижелері айтылды.

 4,5 мыңнан астам заңсыз тексерулер мен бақылаудың өзге де нысандарының жолы кесілді.

Наурыз және сәуірде Бас прокуратураның наразылықтары бойынша 5 министрліктің (денсаулық сақтау, ауыл шаруышылығы, экология, қаржы, индустрия және инфрақұрылымды дамыту) 2 мың кәсіпкерге барумен профилактикалық бақылау жүргізу туралы 9 бұйрығының күші жойылды.

Сондай-ақ, цифрлық технологияларды енгізу талқыланды, оның ішінде жер учаскелерін ұсыну, кәсіпкерлік қызметке араласу туралы сигнал беру және тұтынушылар бизнес объектілерін бағалау үшін. 

Өз кезегінде, Бизнес-омбудсмен Рустам Жүрсінов прокуратура органдарымен ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті, кәсіпкерлердің проблемаларын айтып, оларға аумақтық прокурорларға қосылуды сұрады.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріндегі олқылықтар атап өтілді.

Нәтижесінде бизнес қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимылда уәкілетті органдарға әрі қарай жұмысы бойынша серпін берілді.

Сонымен бірге, прокурорлардың алдына нақты міндеттер қойылды.

Атап айтқанда, «Атамекен» палатасымен тиімді өзара іс-қимылды және бизнес субъектілеріне құқықтық кеңесті қамтамасыз ету.

Сондай-ақ өңірлердің прокурорларына әрбір маңызды инвестициялық жобаға жеке қызметкерлерді бекіту тапсырылды.

Бизнес субъектілері оң нәтиже сезіну үшін алдағы жұмысты жеделдету қажет, – деп өз сөзін түйіндеді Бас Прокурор Берік Асылов.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: