Бас прокуратурада ашық есік күні өтті

15 Желтоқсан 2022, 00:15 1317

Іс-шара Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды

Астанада Бас прокуратурада Тәуелсіздік күніне арналған ашық есік күні өтті, деп хабарлайды El.kz елдің бас қадағалау органына сілтеме жасап.

Ашық есік күнінің басты қонақтары елордалық мектептердің оқушылары болды. Олар үшін прокурорлар таныстыру экскурсиясын өткізді, өз жұмыстары мен оның мақсаты туралы айтып берді.

Іс-шара қазақстандықтардың болашақ ұрпағын жоғары патриоттық, ұлттық мүдделер мен мәдени құндылықтарға адалдық рухында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Жас келушілерге арнаған сөзінде Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов еліміздің басты мемлекеттік мерекесінің тарихы, оның әрбір қазақстандық үшін рөлі мен маңызы туралы айтты.

Тәуелсіздік күні – бостандық, бейбітшілік, келісім мерекесі, ұлттық бірліктің нышаны, Отанның бүгіні мен болашағы үшін жауапкершілік, - деді ол.

Қадағалаушы органда қонақтарға келешекте еліміздің ертеңі өскелең ұрпаққа, олардың азаматтық ұстанымына, ар-ожданмен өмір сүріп, еңбек етуге және оның одан әрі өркендеуіне үлес қосуға деген ұмтылысына байланысты болатына атап өтілді.

EL.KZ
Бөлісу: